Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Жалға берілетін тұрғын үйге субсидия: Жалдау ақысы қымбаттаса, айырмашылықты тұрғынның өзі төлейді

Танымал

Ел аузында

Тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға бағаның өсуіне байланысты мемлекет айырманы өтемейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Егер пәтер иесі жалдау құнын 50 мыңға арттырса, жалға алушы бұл соманы өз бетінше жабады.

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жарты жылға жуық жұмыс істейді. Жоспар бойынша ол 70 мың қазақстандықты қамтуы тиіс. Алайда осы уақытқа дейін тек сегіз мыңнан астам азаматқа көмек берілді. Бағдарлама халық арасында кеңінен танымал емес. 40 миллиард теңгенің 10%-ы игерілген.

“Бізде расымен мұқтаж жандар аз ба? Негізінде аз емес, бірақ азаматтар субсидия алу үшін «заңды» тіркелген пәтер иесін табуы керек. Ал Қазақстанда ондай пәтер иелерін табу қиын. Жалдау бизнесінде көлеңкелі тұстар көп” – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

Депутаттың айтуынша, жалға берушілерге ауызша келісімшарт жасап, салық төлеуден жалтару оңайырақ. Соның арқасында бағаны қалаған уақытында көтере алады.

«Отбасы Банк» АҚ орталық филиалы директорының орынбасары Жанар Изимбетованың мәлімдеуінше, әр аймақта шаршы метрдің белгілі бір құны бар. Тиісінше, тұрғын үйді жалға берудің шекті сомалары қарастырылған. Егер жалға алушы қымбат пәтер алса, онда ол шектен асатын айырмашылықты өзі төлеуі керек.

“Соңғы аптада жалға берілетін тұрғын үй қарқынды түрде қымбаттауда. Мысалы, Алматыдағы бір бөлмелі пәтер орташа есеппен 260 мың теңге тұрады. Бір апта бұрын 180 мың болған, мұның өзі арзан емес” – деді Изимбетова.

“Бағаның ең қарқынды артуы Оралда байқалды. Мұнда пәтер жалдау бағалары 15-34%-ға өсті. Бұл сұраныстың артуына байланысты болып отыр” – дейді Krisha.kz жылжымайтын мүлікті жалға беру және сату сайтының жетекшісі Севиль Дарган.
Пәтерсіз қалмас үшін сарапшылар бір жылға жалдау шартын жасасып, пәтер құнын жазуға кеңес береді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫНА АРДАГЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСТЫ

Талдықорғанда Жеңіс саябағы аумағында «Таза Қазақстан» акциясына орай сенбілік шарасы өтті. Оған антиядролық қозғалыс белсенділері, мүгедектер мен «Семей полигоны»...