Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 13 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері қылмыстық құқық бұзушылықпен күрестен бөлек, қоғамдық орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмауда профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Алайда тұрғындар тарапынан өзінің тұрғылықты мекенжайының тазалығына немқұрайды қарайтын, қандай да бір қоқыс, қалдығын кез келген жерге тастап ластайтындар табылып жатады. Мәселен облыс полицейлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 баптың 1,2-бөлігімен «Ортақ пайдалану орындарды ластау» бойынша 13213 құқық бұзушыға хаттама толтырылды.

Ал тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтағаны: қоғамдық орында коммуналдық қалдықтарды тастау -609, темекі тұқылын тастау -26, қоғамдық орында мас халде жүру -249, қайыршылық -131, белгіленбеген орында сауда жасау -105, қала инфроқұрылым қағидасын бұзу бойынша -109 жайт анықтаған.

Жалпы жұртшылықтың пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығарудың соңы айыппұл арқалауға әкеп соғады. Ал егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, тәртіп бұзушыға ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Осы орайда түркістандық полицейлер облыс аумағында тазалықты сақтауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...