Айналасы бір айдың ішінде шетелге 100 миллиард теңгеден астам қаржы аударылған

Танымал

Ел аузында

Қазақстаннан Түркияға трансферттер көбейіп барады. Жыл басынан бергі 8 айда ол жерге 163,1 млрд теңге түсті.

Бір айдың ішінде қазақстандықтар ақша аудару жүйесі арқылы түрлі елдерге 103,2 млрд теңге жіберген. Бұл бір ай бұрынғыдан 25,3 млрд теңгеге немесе 35%-ға артық, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстаннан Түркияға трансферттер көбейіп барады. Жыл басынан бергі 8 айда ол жерге 163,1 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Ал тамыз айында бұл көрсеткіш рекордтық көрсеткішке жетті – 27 миллиард теңгеден астам. Бұл шілде айымен салыстырғанда бір жарым есе және 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 50 пайызға  артық.

Тәжікстанға аударымдардың тарихи максимумы да жаңартылды. Бірақ мұнда сомалар әлдеқайда қарапайым – айына шамамен 2,6 млрд теңге.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...