50-ге тарта жылқының мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілінді

Танымал

Ел аузында

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің полицейлері жергілікті тұрғындармен жол апатының басты себептері мен оның алдын алу мәселесін зерделеп,  талқылады. 
Сонымен қатар жыл басынан бері аудан бойынша орын алған жол апатының 5-еуі жолға шыққан үй жануарларының кесірінен болғаны айтылды. Осыған байланысты Бәйдібек АПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының бастамасымен малдардың қатысуында болатын жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуге шақырды. 
Ал ауыл тұрғындары полицейлердің ұсынысын қолдап, көбісі өз малдарына орналастыруда жұмыс жасады. Бұл таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан түседі.                     Жалпы жол-көлік оқиғасының басты себептерінің бірі - көлік жүргізушілерінің жауапкершілігінің аздығы, автокөлікті шамадан тыс қатты жүргізуі, мал иелерінің малдарын бақылаусыз жіберуі, жолдарда мал өткелдерінің болмауы. Сондықтан жол апатын болдырмауға бағытталған кез келген оңды ұсыныстар мен пікірлер жүйелі түрде іске асырылмақ.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...