Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Алматыда варикозды медициналық сақтандыру есебінен емдеуге болады

Танымал

Ел аузында

Алматылықтар варикозды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен емдете алады. Бұл туралы №1 Қалалық клиникалық аурухананың Амбулаторлық флебология орталығы жетекшісі Марат Менаяқов хабарлады.
Айтуынша, қазіргі таңда радиожиілікті абляция (облитерапия) көктамыр ауруларын емдеудің ең тиімді әрі заманауи тәсілі. Маусым айынан бері орталықта варикозға шалдыққан пациенттерге 120-дан астам ота жасалған.
Орталыққа келіп ем алғандар арасында варикоз ауруы салдарынан аяғын баса алмай қалған 45 жастағы келіншек те бар.
«Көктамырдың азабын тартқаныма 15 жылдан асып кетті. Салдарынан балтырым ісіп, кешке таман аяқтарымды көтере алмай қалатынмын. Бұған дейін 2020 жылы аяқтарыма операция жасатқан едім», – дейді ол.
Бұл жолы орталық мамандары оған радиожиілікті абляция әдісін пайдалануды ұсынған. Алдымен оң аяқтың, содан соң сол аяқтың тамырларына операция жасалды.
«Бұл процедура варикозға шалдыққан 100 пациенттің 97-сінде тамаша нәтиже берді. Отадан кейін аурудың қайталану, асқыну қаупі де төмен. Оның үстіне, лазерге қарағанда радиожиілікті токтың жылуы тамырларға жеңіл әсер етеді, күйдірмейді әрі пациенттің одан кейін өз-өзіне келу мерзімі де едәуір қысқарады», – дейді Марат Менаяқов.
Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының 17-26-сы аралығында Амбулаторлық флебология орталығында ашық есік күндері өткен болатын. Онкүндік барысында орталыққа 100-ден астам адам атбасын тіреген. Олар мамандардан тегін кеңес алып, аяқ буындарына ультрадыбыстық допплерография жасатты. Онкүндік шеңберінде 24 ота жасалды. Ем-дом МӘМС шеңберінде жүргізілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...