Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Forbes ең ықпалды қазақстандық бизнесмендерді атады

Танымал

Ел аузында

Forbes журналының қазақстандық нұсқасы 2022 жылғы ең ықпалды отандық бизнесмендер рейтингін жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пандемиядан кейінгі кезеңде елде көп нәрсе өзгерді, сондықтан биыл рейтинг авторлары әдіснаманы өзгертуді ұйғарған. Рейтинг тізіміне елдің 84 танымал және белсенді кәсіпкерлері кірген, олардың қоғамдық және демеушілік қызметі ескерілген. Осыдан кейін зерттеу тобы 2021 жылы капитал мен салықтар бойынша көбірек ұпай жинаған 55 қатысушыны таңдаған.

«Рейтинг Forbes Kazakhstan-ның бағалаушы журналистік жазбасы және оны құжат немесе ресми ақпарат ретінде пайдалануға болмайды», – деп жазды авторлар.

Қатысушылардың орташа жасы 52-ден 54 жасқа дейін өскені атап өтілді. Сонымен қатар, биыл тізімде тек ер адамдар. Бір жыл бұрын рейтингте кәсіпкер Гаухар Қаппарова болған еді.

Биыл «АЛМЭКС» холдинг тобының иесі, 56 жастағы Тимур Құлыбаев ең ықпалды кәсіпкер болған. Одан кейін  Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, 53 жастағы Вячеслав Ким тұр. Рейтингтің үшінші орнын ForteBank-тың негізгі иесі 64 жастағы Болат Өтемұратов иеленген.

Төртінші орында «Астана Груп» холдингінің негізін қалаушы және президенті 57 жастағы Нұрлан Смағұлов тұр. Одан кейін директорлар кеңесінің төрағасы және Eurasian Resources Group акционері 68 жастағы Александр Машкевич. Рейтингтің алтыншы орнын KAZ Minerals Ltd президенті 61 жастағы Владимир Ким иеленген.

Жетінші орында Kaspi.kz басқарма төрағасы тұр, 46 жастағы Михаил Ломтадзе. Одан кейін рейтингтің ең жас екі мүшесінің бірі – Freedom Holding Corp негізін қалаушы орналасқан, 34 жастағы Тимур Турлов. Тоғызыншы орына BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы 50 жастағы Айдын Рахымбаев. Рейтингтің алғашқы ондығын «Fincraft Инвестиция үйінің» ірі акционері 43 жастағы Кеңес Рақышев аяқтап тұр.

Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...