Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Елімізге ТМД аумағында ұрланған 200 көлік әкелінген – ІІМ

Танымал

Ел аузында

Қылмыскерлер ТМД елдерінде ұрланған автокөліктерді Қазақстанға әкеледі. Елімізде осындай 200 көлік анықталған. Бұл туралы ІІМ өкілдері брифингте айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қайталама нарықтағы автокөліктердің негізгі бөлігі Қазақстанға таяу шет елдерден, негізінен Ресейден әкелінеді. Бұл жағдайды қылмыстық элементтер елімізге автокөлік құралдарын жеткізуді ұйымдастыру үшін пайдалануға тырысады», – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов.

Ол бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта екенін айтты.

«Кейінгі 5 жылда ТМД елдерінде Қазақстанда ұрланған 50-ден аса автокөлік табылды. Өз кезегінде біздің елімізде ТМД аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлік табылды», – деді Нұрсейітов.

Жыл басынан бері оның айтуынша, елде 909 көлік ұрланған, оның 775-і табылған және заңды иелеріне қайтарылған немесе 85,3 пайызы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...