Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Атырауда мектепке бомба қойылды

Танымал

Ел аузында

70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды.

Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды. Мектепте тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп директоры бүгін, 12 қазанда білім ордасында жарылыс болатыны туралы ақпарат алған. Ол бұл туралы полицияға хабар берген.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасалатыны туралы ақпарат алғанын хабарлаған. Соған сәйкес полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, аталған мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазір мектеп ғимаратын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық құрал

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтатын заманауи жоба.Бұл сервис азаматтарға құқық қорғау...