Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

350 дана электронды темекіні жымқырған 2 ер адам анықталды

Танымал

Ел аузында

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Анықталғандай әккі ұрылар дүкенге кіріп, 350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.
Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап шығып, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы, күдікті ретінде 2 жергілікті тұрғын анықталды.
Яғни күдікті екі дос қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Олар таңғы сағат 05:30 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, темекі құрылғыларын ұрлап, таныстарына сатқан. Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде ұрланған электронды темекілер алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сезіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті. Форумды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жәнеҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен...