Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Түркістан облысында мемлекет пайдасына 102 миллион теңгеден астам кіріс түсті

Танымал

Ел аузында

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері 2022 жылдың 11-19 қазан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Оның негізгі мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту, оларды төлеуден жалтарған адамдардан әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу тиімділігін арттыру. Шара кезінде құрамында полиция мен жеке сот орындаушылары бар мобильді топтар құрылып, қызмет атқарды. Мәселен «Борышкер» іс-шарасының 10 күнінде полицейлер 6653 құқық бұзушылықты анықтап, мемлекет бюджетіне 102 миллион теңгеден астам кіріс түсті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін айыппұл тұрағына 30-дан астам автокөлік қойылды. Борышкерлерге Сот орындаушыларының тарапынан 3561 қаулы жіберіліп, олар бойынша 27 миллионға жуық теңге өндірілді. Құқық бұзушылардың жұмыс орны бойынша төлем туралы 754 қаулы жолданып, нәтижесінде 2 миллион теңге өндірілді. Осыған байланысты полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және басқа да құқық бұзушылықтар жасамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген өткеннің сарқыншақтарымен жүретін әлдекімге тұрпыдай естілетін сөйлем шығар. Бірақ сол...