Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Талғар аудандық ауруханасында 4 бірегей операция жасалды

Танымал

Ел аузында

2022 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Талғар аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде хирург-дәрігер Омаров Нұрлыбек Оразкелдіұлы декубитальды жараларды (қысым жаралары) пластиктеу бойынша 4 бірегей операция жүргізді. Пластикалық хирургия саласындағы бұл операциялар республикамыздың бірнеше клиникаларында ғана жасалады.

«Көбінесе декубитальды жаралар төсекте ұзақ уақыт жатқан науқастарда пайда болады. Бұл инсульттан кейін, жұлын жарақаттарын алған және қарт адамдарда кездеседі. Көбіне адам денесінің жамбас сүйектері, жауырында, аяқта, өкше, шынтақ аймақтарында пайда болады», – деді Нұрлыбек Оразкелдіұлы.

Дәрігердің айтуынша, пациенттерде флегмонаның дамуымен және жұмсақ тіндерде жаралар пайда болған. Пациенттің денесіндегі жараларды гидроактивті таңғыштарды қолдана отырып, кезең-кезеңімен тазартумен қатар жүргізілген терапиядан кейін амбулаториялық ем тағайындалған. Хирургтар емхана жағдайында екінші пластикалық кезеңнен өткізу үшін онлайн кеңес беріп, пациенттерді дайындықтан өткізіп, ауруханаға жатқызды. Барлық пациенттерге операцияның екі кезеңі сәтті жасалып, бір аптадан кейін үйіне шығарылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...