Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Бизнестің болашағына балта шабылмасын!

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысының назарына!

Баласымен бірге бір жарым жылға жуық уақыт тергеу изоляторында отырған тараздық белгілі кәсіпкер Б. Мауленов Мемлекет басшысынан көмек сұрайды.

Әділетті шешімге зәру болған қос азаматқа Мемлекеттен Реконструкция Модернизация ТЭЦ-4-ке  2,2 миллиард теңге бөлініп, осы бөлінген каржыны жымқырды деген айып тағылған.

Бұл істің ақ қарасын анықтау мақсатында кәсіпкерлер Президенттен араша сұрап, осы мәселеге байланысты әділдік болу үшин үйқамаққа шығаруды сұранып Бас Прокуратураға да өтініш жолдаған.

  • Әрдайым еліміздің өсіп өркендеуі үшін жан аямай еңбек етіп, Мемлекет басшысының және мемлекетіміздің саясатын қолдап келемін. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ісіміздің әділ шешілуіне көмек көрсетуіңізді сұраймын. 2021 жылы маусым айында ұлым екеуіміздің үстімізден қылмыстық іс қозғалды. Біздікі жеке инвестициялық компания. Мемлекеттен ешқандай субсидия, дотация алған емеспіз. Өз күшімізбен жұмысты алға жетелеп мыңдаған адамға жұмыс беріп келе жатқан кәсіпорынбыз. Ешкім мән-жайды түсіндірген де жоқ. Адамның құқығын таптаудың сорақысын көріп отырмыз. Одан бір жыл бойы ісіміздің әділ шешімі шығарылмай, адам тағдырымен ойнаудың шынайы көрінісі орын алды. Бірақ бізді қамайтын ешқандай негіз жоқ. Біз мемлекеттің бір тиын ақшасын алған жоқпыз. Оны дәлелдеп те отырмыз. Біз облысқа алдағы үш жылда сексен миллиард теңгеге жуық инвестиция тартумен айналысып жүргенде, жолымызды негізсіз бөгеп отыр.

        Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, егер мені қабылдайтын болсаңыз, бұл істің артында не тұрғанын толық баяндап беремін. Аталмыш компанияның мен басшысы емес, инвесторымын. Ал маған кәсіпорынның басшысы ретінде іс қозғалып отыр. Біздің адалдығымызды дәлелдеп беруге мүмкіндік беруіңізді өтінеміз. Мекемеміз 2017 жылы 100 миллион, ал 2018 жылы 96 миллион шығында болды. 2019 жылы біз келіп аталған 96 миллион шығынды жауып, керісінше пайдасын арттырдық. 2020 жылы 437 миллион пайдаға шықты. Жұмысшыларға жағдай жасадық, айлықтарын көтердік. Ғимараттарды қайта жаңғырттық, материалдық техникалық базаны жаңарттық. Өз ақшамыз үшін өзімізді кінәлі етіп отыр. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, тікелей өзіңізден әділдікті сұранамын. Бізді заңсыз ұстап отыр, – дейді кәсіпкер Бақберген Мауленов

Айта кетсек, «Таразэнергоорталық» АҚ 2016 жылдан бері қарызға батып, алты рет аукционға қойылған. Проблемасы басынан асқан кәсіпорынды сатып алуға ешкімнің құлқы жоқ болды. Қызметкерлері мен банктер алдындағы борышы 3,1 миллиард теңгені құраған. 2018 жылы Қаржы министрлігі өткізген аукцион қорытындысы бойынша,  «Таразэнергоорталық – 4» Бақберген Мәуленов басқаратын «BB Future Energy Company» инвестициялық компаниясына сатылады. Кейіннен акциялардың 100 пайыздық мемлекеттік пакеті сатып алынды. Одан кейін, компания кепілдік жарна ретінде 318 миллион теңге салды, кәсіпорынның 3,1 миллиард қарызын өтеді. Компания мемлекеттік бюджеттен ешқандай субсидия, дотация және ақша алмаған. Былтыр Ресейдің «Холдинг РОТЕК» акционерлік қоғамымен 80 миллиард теңге сомасына қуаты 120 мегаватт энергия беретін ТЭО қайта құру және жаңғырту жобасын іске асыруға келісімшарт жасаған болатын. Бұл электр және жылу энергиясының, ыстық судың құнын төмендетуге мүмкіндік беретін еді. Өкініштісі, қараусыз қаңырап жатқан жылыту мекемесіне енді жан біте бергенде кәсіпорын инвесторына жала жабылып отыр.

 Күні кеше өткен он алтыншы сотта кәсіпкердің ұлы Рахат Бөлдеш те ел Президентінен көмек сұрады.

Бірінші күннен бастап біз жазықсыз ұсталдық. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, 2022 жылы 19 мамырда ел кәсіпкерлерімен кездесуіңізде өзіңіз кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс Бас прокуратурамен кезек күттірмей тоқтатылуы керектігі туралы айтып, нақты тапсырма бердіңіз. Ал іс жүзінде ол тапсырмаңыз орындалып жатқан жоқ. Оған нақты біз куәміз. Бірінші күннен бастап жәбірленуші тараптан куәгерлердің қатысуымен «Тараз энерго орталыққа» бюджеттен ешқандай қаражат аударылмағаны, тиісінше ешқандай ақша жымқырылмағаны анықталып отыр. Сот барысында қаржы басқармасының өкілдері де өздерінің жәбірленуші тарапқа жатпайтынын бірнеше мәрте жазды. Осыған орай өзімнің және адвокаттарымның тарапынан қанша рет тергеу кезіндегі қысымды жеңілдету, үйқамаққа шығару бойынша өтінім жазылды. Бірақ ылғи өтінішімізге теріс жауап беріледі. Мен бір жыл төрт айдан астам уақыт бойы жазықсыз тергеу изоляторында отырмын. Менің кәмелетке толмаған кішкентай балаларым әкесіз өсуде. Жұбайым бала тәрбиесімен отқандықтан жұмыс жасамайды. Отбасының жалғыз асырушысымын. Тергеу кезінде қысымға шыдамай суицидке бардым. Осылайша елімізде орын алып жатқан бассыздыққа қарсылық танытқым келді. Бірнеше рет аштық жарияладым. Бірақ прокурорлар мені алдап, арызымды қайта алуға көндірді. Мен қытайда білім алып, еліме жиған терген біліміммен еңбек етемін деп мақсат қойған болатынмын. Барлығынан көңілім қалды. Соңғы үмітіміз өзіңізде, әлі де әділеттілік жеңетініне сенемін,-деді Рахат Бөлдеш сот барысында.

Сотта Мауленов те, ұлы Булдеш Рахат та ТЭЦтің басшысы болмағанын айтып жеткізді, өзге айыптаушылардың бір де біреуін танымайтындығын, олармен ешқандай қарым қатынас болмағандығы туралы ақпарат берді.

  • Мен қорғалушыларымды жазықсыз деп санаймын. Олар ешқандай ақша жымқырған жоқ. Облыс әкімдігіне қарасты басқарма тек оларға акцияны сеніп тапсырған. Ешқандай қаржы немесе мүлік берілмеген. Жәбірленуші тарап болған қаржы басқармасының өзі мемлекет қазынасына кәісіпкердің қатысы болмағанын растап отыр. Осы жағдайларды ескере отырып сот әділетті өтетініне сенемін. Соттан әрбір процес кезінде үйқамаққа ауыстыруды сұраймын. Қайтадан сараптама жасауға және оған біз де қатысуға өтінім береміз,-дейді адвокат  Ғабит Пірмағанбетов.
  • Соңғы үмітім Мемлекет басшысында. Ұлым мен немеремнің жазықсыз жаламен түрмеге тоғытылғаны қабырғамды қайыстырады. Өзім сегіз баланы дүниеге әкелген ардақты анамын. Бұл күнге дейін перзенттерімнің жаман аты шыққан жоқ, – дейді Бақберген Мәуленовтің анасы Жанар Ысқақова.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі  Қазақстан халқына Жолдауында «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет… Күштік құрылымдар сотқа ықпал етпеуге тиіс. Бұл – өте маңызды. Судьяларға әкімшілік жане де Каржы Мониторинги агенттиги, Прокуратура қысым көрсететін амал-тәсілдің бәрі жойылуы керек» деп халықты әділетті Қазақстан құруға шақырған еді. Кәсіпкерлеріміздің жағдайы дәл осылай жалғаса берсе әділетті Қазақстан құрмақ түгілі, құрдымға құламасымызға кім кепіл?

Дарабоз ДАТҰЛЫ

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАЛЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ALMALY NIGHT»КЕЗЕКТІ КВИЗ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қазанда Алмалы комьюнити орталығында Алмалы ауданының демалыс орталықтарынан жастарды жинаған "Almaly Night" кезекті квиз-ойыны өтті. Бұл...