Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Балқаш ауданына қарасты 19 ауылдың тұрғындары тексеруден өтті

Танымал

Ел аузында

Балқаш аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері шалғай орналасқан ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізді. Жылжымалы медициналық кешеннің бейінді мамандары Балқаш ауданына қарасты 19 елді мекенді аралап, тұрғындарды тексерді. Аудан, қала орталығынан алыс орналасқан ауылдарға дәрігерлер арнайы барып, жалжымалы медициналық кешеннің арқасында сапалы медициналық көмек көрсетті.
Жылжымалы медициналық кешен азаматтардың денсаулығын кең спектрлі тексеруден өткізуге арналған. Ол жалпы қабылдау, тәжірибелік дәрігер және талдауларды қабылдау аймағы, дәріхана пункті, функционалды диагностика, акушер-гинеколог, сондай-ақ сәулелік диагностика кабинеттерінен тұрады.
Мобильді медициналық орталықта арнайы қорғасынмен қапталған бөлмеде рентген және флюорография қауіпсіз жағдайда жасалады.
Мамандар сәуір айы мен қазан айларында Құйған, Жиделі, Бала топар, Қаскелең топар, Желтораңғы, Аралтөбе, Ақжар, Қараой, Көктал, Көкжиде, Ақкөл, Үш жарма, Бура, Береке, Бояулы, Ақдала, Бірлік, Миялы, Бақбақты ауылдарына барып, 5843 адамды тексеруден өткізді.
Жылжымалы медициналық кешен қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты көктем мен күз мерзімдері аралығында жолға шығып, тұрғындарды тексеруден өткізеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...