Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Жетісайда жасөспірімдерге «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында арнайы дәріс өтті

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекованың ұйымдастыруымен, аудан жөсөспірімдеріне әйелдерге және балаларға жасалынатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында арнайы сабақтар өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында жасалынатын зорлық-зомбылықтың тәсілін және әдісін, сондай-ақ, оның себептері мен жағдайларын анықтау және ерте жүктіліктің алдын алу.
Іс-шараға аймақ мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатыстырылуда. Дәріс барысында инспектор Ж.Шалбекова, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды ақпарат беріп, қыз балалардың тәлім-тәрбиесі, өз құқығын қорғай білуі керектігін жеткізді. Сондай-ақ қандай да бір құқық бұзушылық жайты орын алған жағдайда, арнайы сенім телефондары мен полицияға хабарласулары қажеттігі ескертілді. Өз кезегінде жасөспірімдер полицейлер ұйымдастырған сабақ, ондағы айтылған құнды ақпараттар, мен ақыл-кеңестер үшін алғыстарын білдірді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новая опора: жительнице района вернули подвижность с помощью эндопротеза

05 сентября 2025 года в Кегенскую районную больницу была госпитализирована пациентка 1967 года рождения с диагнозом: первичный двусторонний гонартроз....