Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Шардаралық полицейлер айыппұлдары төленбеген 300-ден астам көлікті анықтады

Танымал

Ел аузында

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Осы бағытта ағымдағы жылдың 1-10 қарашасы күндері аралығында Шардара ауданы аумағында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер мен жеке сот орындаушылары бірлесе отырып, 5 миллион теңгеге жуық қаражат өндірді. Сонымен қатар тәртіп сақшыларымен айыппұлдары төленбеген 301 автокөлікті анықтады. Оның ішінде 27 автокөлік айыптұраққа койылды. Мәселен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде көше бойынан «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Аталған автокөліктің жалпы сомасы 82 мыңды құрайтын 5 әкімшілік хаттамасы төленбегені белгілі болды. Осы ретте жүргізушіге заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тиісінше жүргізушіден жол ережесін бұзып арқалаған берешегі өндірілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...