Түркістан облысында 150-ге тарта көлік айыптұраққа қойылды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД қызметкерлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту, оларды төлеуден жалтарған адамдардан әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу тиімділігін арттыру. Шара кезінде полиция мен сот орындаушылары бірлесіп қызмет атқарды.
Мәселен «Борышкер» іс-шарасының 10 күнінде түркістандық тәртіп сақшылары 16 261 құқық бұзушылықты анықтап, мемлекет бюджетіне 74 миллион теңгеге жуық кіріс түсті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін айыппұл тұрағына 147 автокөлік қойылды.
Мәселен полицейлер әрқайсысында 1 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар 8 автокөлік жүргізушісін анықтады.
Осыған байланысты полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және басқа да құқық бұзушылықтар жасамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...