Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар қанша ресейлік азаматпен некеде?

Танымал

Ел аузында

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті қазақстандықтар қанша ресейлік азаматпен неке қиғанын хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мәлімет бойынша, 2022 жылдың қыркүйегі мен қазанында Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылған», – делінген хабарламада.

Бірақ бұл деректердің былтырғыдан көп айырмашылығы жоқ екені атап өтілді. 2021 жылдың дәл осы кезеңінде қазақстандықтардың ресейліктермен 494 некесі қиылған.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп неке Алматы – 94 (2021 жыл – 75), Астана – 51 (2021 жыл – 46) және Қарағанды облысында – 45 (2021 жыл – 49).

Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23-28 жас.

«Зерттеу бойынша кейінгі жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында тіркелген некелер санының 14 пайызға төмендегені байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 10 айында 2153 неке, 2022 жылдың 10 айында 1851 неке жасалды», – деп толықтырды ведомство өкілі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ВАШИНГТОНДА OXFORD QAZAQ DICTIONARY СӨЗДІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН: тіл, мәдениет және ұлттық бірегейлік 22 қазанда Вашинтондағы Джорджтаун университетінде қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды. Джорджтаун...