Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-22 C
Nur-Sultan
-20.1 C
Almaty
-5.7 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Алматы қаласынан тапты

Танымал

Ел аузында

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалған баланың туыстары алдымен өздері іздеген, алайда оны табудың өзіндік әрекеттері нәтиже бермейді. Содан кейін жасөспірімнің ата-анасы полициядан көмек сұрайды.
Хабарламаны алған полицейлер, дереу кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеуге кірісті. Баланың белгілері аудандағы полицейлердің барлығына хабарланып, бағытнама берілді. Содан тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, сондай-ақ бала бара алатын жерлерді мұқият қарап шықты.
Бірнеше күн бойы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, саурандық полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы қаласынан тапты. Баланы аудандық полиция бөліміне жеткізіп, анасына тапсырды. Белгілі болғандай, жасөспірім отбасылық жанжалға байланысты үйден кеткен.
Өз кезегінде кәмелетке толмаған баланың туыстары полиция қызметкерлеріне жоғалған жасөспірімді іздеуде көрсеткен кәсіби шеберлігі мен жедел көмегіне алғыс айтты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда тұрмысы төмен жандарға арналған тегін асхана ашылды

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады. Алматыда халықтың тұрмыстан тарылған топтары үшін әлеуметтік асхана...