Түркістан қаласында «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы өткізілді

Танымал

Ел аузында

«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» аясында облыс орталығының полицейлері «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясын өткізді.

Аталған шараның басты мақсаты – балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде қажетті құрылғыларды пайдалану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол-көлік жарақатының алдын алу, жолын кесу.

Іс-шара барысында Түркістан ҚПБ қызметкерлері халық арасында, оның ішінде «Жолаушы» ЖШС-нің 30 және «ТехАвтоПром» ЖШС-нің 14 қоғамдық жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, балалардың қауіпсіздігін басты орынға қоюды түсіндірді. Және жүргізушілерге ескертпе қағаздарын таратты.

Іс-шараның маңыздылығын жіті түсінген жүргізушілер, қауіпсіздік шараларын ұстанатынын жеткізіп, полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сонымен қатар полицейлер білім ошақтарына барып, бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушыларына “балалардың жолдағы қауіпсіздігі” бойынша арнайы дәрістер өткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...