Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қарияны тауып, отбасымен қауыштырды

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түсті. Онда ер адам, өзінің 80 жасқа таяған әкесі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп,  қайта оралмағанын көрсеткен. Аталған ақпарат бойынша жоғалған қарияны табу мақсатында түркістандық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. 
Тәртіп сақшылары қарияның таныс-туыстарының тізімін алып, әрқайсысымен біртіндеп байланысқа шықты. Егде жастағы тұрғынның баруы мүмкін делінген аймақтарды түгел тексерді. Барлық полиция бөлімдеріне бағытнама берілді. 
Осындай қарқынды қызметтерінің арқасында із-түзсіз жоғалған қарияның жүрген жері анықталып, туыстарына аман-есен табысталды. Белгілі болғандай, қария осы уақыт аралығында Шымкент қаласындағы алыс туысының үйінде болған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Әкесінің дін аман табылғанына қуанған баласы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді: «Әкеміз үйден шығып кетіп, содан оралмады. Адам емдеумен айналысатын әкем, бұған дейін де бірнеше рет өзге қалаларға адам қарауға кетіп жүретін. Бұл жолы ұзақ уақытқа жоқ болғасын, одан өзіміз хабарсыз қалғасын, қатты қорқып кеттік. Десекте полиция қызметкерлеріне хабар беріп, олар 1 тәулік ішінде әкемді тауып берді. Алғысым шексіз!». 

Тәртіп сақшылары жақындарыңыз немесе туыстарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар деп кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...