Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-22 C
Nur-Sultan
-20.1 C
Almaty
-5.7 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері жүргізушіден марихуана тапты

Танымал

Ел аузында

Ордабасы ауданының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында, есірткіні заңсыз сақтау дерегін анықтады. Мәселен тәртіп сақшылары Бадам ауылы көшелерінің бірінде "ВАЗ-2109" маркалы автокөлікті тоқтатты.       Тексеру кезінде учаскелік инспекторлар жүргізушінің сырт киімінен есірткіге ұқсас заттары бар ораманы тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, тәркілеп алынған зат жалпы салмағы 6,5 грамнан асатын марихуана болып шықты.     
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.                                   "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты - көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және жолын кесу.                            Түркістан облысының полицейлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады және есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылғанын еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда тұрмысы төмен жандарға арналған тегін асхана ашылды

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады. Алматыда халықтың тұрмыстан тарылған топтары үшін әлеуметтік асхана...