Түркістан облысының полицейлері кезекті мас жүргізушіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында, жол ережесін бұзған "Шевролет" маркалы көлік жүргізушісін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінің ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.               Алайда жол қозғалысы ережелерін бұзғанына қарамастан, ер адам мас күйінде рульге қайта отырған. Медициналық куәландыруға оның мас болғанын растады. Бұл жайт ҚР ҚК 346-бабы бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» тіркелді.                       
Полицейлер жүргізушіге қатысты жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Нәтижесінде, сот үкімімен жергілікті тұрғынға бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.               
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, ең бастысы – ішімдік ішіп көлік жүргізбеуге шақырады. Бұндай әрекеттің соңы орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...