Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Алматылық нейрохирургтер омыртқаға шағын инвазивті әдіспен бірегей ота жасады

Танымал

Ел аузында

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері 37 жастағы пациенттің омыртқасындағы жарықты алып тастады. Жоғары технологиялық ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды, деп хабарлайды ОҚКА баспасөз қызметі.
Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, науқастың бел омыртқадағы остеохандроз бен жарықтың зардабын тартқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Бұлшық еттердің семуі салдарынан сол аяғын баса алмай қалыпты. Жарықтың мұндай түрі омыртқа құрылымының бір бөлігін алып тастауды қажет ететіндіктен әдетте ауыр ота жасалады. Осы жолы мамандар ақылдаса келе емнің мейлінше жеңіл әрі ең тиімді шағын инвазивті тәсілін таңдады. Бұл әдіс кеуде-бел омыртқа тұсында қысылып тұрған жұлын құрылымын толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді.


«Операция жұмсақ тіндердерді кеспей, тубустық кеңейткіш арқылы жасалды. Мұндай хирургиялық операция біздің стационарда тұңғыш рет жасалып отыр. Винттер тері арқылы енгізілді. Операция барысында омыртқа арасына жасанды диск орнатылды. Үш сағатқа созылған ота сәтті аяқталды», – деді Марат Алматов.
Жаңа технологиялардың көмегімен жасалатын заманауи емдеу әдісі арқылы операция уақытын қысқартып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, пациент отадан кейін көп ұзамай аяққа тұрады, дейді маман.
Қазір пациент ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
«Кейінгі кезде өз аяғыммен жүруден күдер үзе бастаған едім. Мүгедек арбаға таңылдым. Қазір өзім жүріп-тұрамын. Айығып келе жатырмын, ауырсыну сезімінен арылдым. Нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыстан басқа айтарым жоқ», – деді пациент.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...