80 жастағы қарияның сиырын тауып берген полицей алғыс арқалады

Танымал

Ел аузында

Созақ полициясына жергілікті тұрғын егде жастағы қария кісі 1 бас бұзауының жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған. Ол бұзауын егістік алқапқа жайылымға жібергенін, оны іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл аймақтарын, егістік алқаптарын, бақташылардың сиыр баптайтын жерлерінің барлығын толық тексеріп шықты.
Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған сиыр небары 5 сағат ішінде 3 шақырым қашықтықта көрші ауылдан жайылып жүрген жерінен табылды. Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған сиырды тауып, өз иесіне табыстады.
Малынан көз жазып қалған 80 жастағы қариямыз полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына шынайы ризашылығын білдірді. «Айналайын, мына Созақ ауданының полицейлеріне рақмет. Бұзауымды жоғалтқаныма 2 күн болды. Сендерге айтпағанымда табылмайтын еді. Бәрің елді қорғап, осындай халқымызға көмектесе беріңдер, аман жүріңдер!»-деп, алғысын айтты.

  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...