Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

«Жұмысқа тұрғызып беремін деп» 5 адамды алдаған Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғын арызданып, таныстары Атырау қаласына «электромонтаж» лауазымына жұмысқа кіргізіп беремін деп алдағанын жеткізген. Содан күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, жеке куәлігін сұратып, есепшот арқылы 200 000 теңге ақша салып жіберуін айтқан. Арада бірнеше ай өткен соң өзінің алданғанын білген жәбірленуші уақыт өткізбей полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында күдіктінің бұдан бөлек 5 жайтқа қатысы барын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны орта жастағы келіншек болып шықты.
Полицейлер жауап алу барысында жәбірленушілер күдіктінің әлеуметтік желі арқылы ортақ чат ашып, ондағы азаматтардың барлығына «Атырау қаласына жұмысқа орналастырып беремін»- деп жұмыссыз жүрген тұрғындарға үміт бергенін айтқан.
Қазіргі уақытта алаяқтық жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша 200-ден аса маңғыстаулық жас білім алып жатыр

Маңғыстау облысы жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы» еліміздегі ең маңызды білім беру бастамаларының біріне айналды. Бүгінде бағдарлама...