Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15.4 C
Nur-Sultan
26.1 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

Түркістан облысы полицейлері туысының атынан несие алып, алаяқтық жасаған ер адамды ұстады

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келді. Жас келіншектің айтуынша, оған банктердің бірінен «900 000 теңге көлемінде қарызыңыз бар, төлеңіз деген» хабарлама келеді. Алайда ешқандай несие алмағанын айтқан тұрғын, полицейлерден көмек сұрап, осы жайтты анықтауды сұрайды.
Келіп түскен ақпарат бойынша полицейлер тез арада әрекет етіп, тұрғынның атынан несие алған күдіктіні анықтап, оны ұстауға жұмыстар атқарды. Нәтижесінде жәбірленушінің атынан тауарлай несие алып, қарыз еткен туыс ағасы болып шығады. Ол қарындасының сеніміне кіріп, оның ұялы телефоны арқылы түрлі телефондарға тапсырыс беріп, банк рұқсат бергеннен кейін өзінің мекен-жайын жазу арқылы алаяқтық жасағаны белгілі болды.
Сонымен қатар күдікті ер адамның бұдан басқа 7 жайтқа қатысы бары белгілі болды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 7 миллион теңге.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісу облысында алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпенің трансторакальді трепан-биопсиясы жүргізілді

Талдыорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникада Жетісу облысының штаттан тыс бас онкологы, аталған клиника директоры Мадияр Аманкелдыұлы Умирбаевтың жетекшілігімен өңірде...