Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Өзгенің мүлкін жалға алып, бас пайдасы үшін сатып жіберген алаяқ ұсталды

Танымал

Ел аузында

Жетісай полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша өзінің жалға берген 10 гектарлық егістік алқапқа арналған темір сымдарын танысы жалға алып, уәделенген уақытын создырып бермей жүрген. Содан алаяқтың құрбаны болғанын сезген жәбірленуші, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Жәбірленушіге келген шығын 2 миллионнан астам. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Жетісайлық полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып күдіктіні ұстауға барлық күш жұмылдырылды. Нәтижесінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын ер адам ұсталды.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам өзінің 10 гектар егістігін қоршаймын деп танысының 20 000 дана сымын алған. Алайда күдікті сымдарды өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында алып, сатып жібергені белгілі болды.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Робототехникадан AI-флагмандарға дейін: HONOR Барселонадағы MWC 2026 көрмесінде ақылды құрылғылар экожүйесін таныстырды

Барселона қаласында өтіп жатқан MWC 2026 халықаралық көрмесінде HONOR компаниясы жасанды интеллектіні енгізудің жаңа кезеңін ұсынып, ALPHA PLAN стратегиясын жүзеге асыруды жеделдеткенін мәлімдеді. Бренд экожүйесі...