Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жол жиегіне шығып кеткен көлігін шығарып, алғыс арқалады

Танымал

Ел аузында

Бүгін сағат 00:10 шамасында ауа-райы нашарлап, қалың қар жаууына байланысты, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 743 шықырымында «Ауди 100» маркалы автокөлігі жол жиегіне шығып кетеді. Көліктің қарға батып, жолдан шығып кеткенін патрульдеу бағыттары бойынша қызмет атқарып жүрген Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ППБ-ның қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Бақыт Оразбаев пен полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Сайымкулов байқап қалады. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, автокөлік иесіне көмектеседі. 
Осылайша тәртіп сақшылары автокөлікті жол ортасына сүйреп шығарып, жүргізушінің алғысын алды: «Қардың қалың түсуіне байланысты, жолдың шетіне шығып кеттім. Ал полиция қызметкерлері дереу қолғабыс етіп, көлігімді қауіпсіз жерге тартып шығарды. Алла разы болсын, еңбектеріңіз жана берсін!».    
Қыс мезгілі келісімен, Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Облыста күн суытуы жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Осындай ауа райында азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Түркістан облысы ПД-нің тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.                                       
  Осы тұста полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сондықтан аса қажеттілік болмаса, жолға шықпаңыздар!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ВАШИНГТОНДА OXFORD QAZAQ DICTIONARY СӨЗДІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН: тіл, мәдениет және ұлттық бірегейлік 22 қазанда Вашинтондағы Джорджтаун университетінде қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды. Джорджтаун...