Түркістан облысы полицейлері ұялы телефон ұрлаған әйелді анықтады

Танымал

Ел аузында

Қазығұрт полициясына арызданған жергілікті тұрғын ұялы телефонының ұрланғанын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, аудан орталығындағы мекемелердің біріне өзінің жеке шаруасымен барған оның «Галакси А51» маркалы ұялы телефонын белігісіз біреулер жымқырып кеткен.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде жұмыссыз күдікті әйел анықталды. Ол ұялы телефонның қараусыз тұрғанын байқап, ұрлап кеткен.
Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл – жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін, геодезиялық...