Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
26.3 C
Shymkent

Құрсын Мессидің қазақ болмағаны дұрыс болыпты…

Танымал

Ел аузында

Месси қазақ болғанда…Келе салып “Аманат” партиясына мүще болар еді.Аэропорттан мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, депутаттар Айдос Сарым, Ерлан Сайров, Мәди Ахметов, Мақпал Мыса алаулатып, жалаулатып күтіп алар еді.Биліктің әншісі Ерлан Рысқали бір жақсы терме айтар еді.Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР әртісі Асанәлі Әшімов, жазушы, еңбек ері Дулат Исабеков бата беріп, үстіне шапан жабар еді.Хабар телеарнасының басшысы айфонына суретке түсіріп жүрер еді.Ертісбаев бұл глобальный процес, елбасының арқасы деп орысша сұхбат берер еді.Шекарамызды шегелеп берген деп сенатор ала шапқын болар еді.Қазақ барысы Айбек Нұғмаров қазақ күресіне де осындай тұлғалар керек деп бір көсілер еді.Тик-токер Жанқош Тұраров аэропорттың залында бір би билеп берер еді.Ақтаудың арқалы ақыны Светқали Нұржан сопылық тілмен біраз тарихтан сөз қайтарып, Тоқаевты бір мақтар еді.Қазбек Иса бәріміз бір кемедеміз, Тоқаев пен Месси жасасын деп бір жағымпазданар еді.Азат Перуашев қуаныштан жылап аэропортты азан-қазан жасар еді.Мұхтар Шаханов жақсы бір өлең оқып, Асқар Жұмаділдаев Мессидің жеңісін бір формулаға теңер еді..Осының бәрін ұйымдастырып тұрған Ерлан Қаринге рахмет айтар едік..Құрсын Мессидің қазақ болмағаны дұрыс болыпты…

Ерқанат Тұрсынжанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Бишімбаевтың және оның отбасына қатысты мүлкі тәркіленсін: Петиция жарияланды

Қазақстандықтар Мемлекет басшысына экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен жақындарына қатысты мүлкін тәркілеуді талап етіп, петиция жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Петиция...