Маңғыстауда пробация қызметкерлері есепте тұрған мұқтаж жандарға көмектесті

Танымал

Ел аузында

Мереке қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының пробация қызметінің қызметкерлері «Біз адамдармыз-біз біргеміз» қоғамдық қорымен бірлесіп азық-түлік себеттерін таратуды ұйымдастырды. Бұл себеттер материалдық қолдауды қажет ететін есепте тұрған тұлғаларға арналған. Бұл жалғызбасты аналар, мүгедектер, сондай-ақ тұрақты табысы жоқ адамдар.

  • Біз пробация қызметімен төрт жылдан бері ынтымақтасып келеміз және бізбен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған алғашқы күш құрылымы. Олардың сотталғандарды тексеріп қана қоймай, сонымен бірге көмекке мұқтаж адамдарды анықтағаны жақсы, ал қор мұқтаж жандарға көмектесуге әрқашан қуанышты, – дейді қор директоры Иманғазы Досмұхамбетов.

Облыстық пробация қызметінің бастығы Ғабит Чутабеков пробация қызметкерлерінің өздері балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған аналардың тұрғын үйін жалдау ақысын төлеу, ыстық тамақ беру, шаруашылық, тұрмыстық керек-жарақтарды, тоңазытқыш беру және т.б. беру жағдайлар болғанын атап өтті. Кейде қызметкерлер қажет екенін көргенде шетте қалмай оларға дереу жәрдем көрсетіп тұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты Областной детской клинической больницы проводят выездные профилактические медицинские осмотры детей...