Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

Танымал

Ел аузында

19 желтоқсанда елордадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары! Жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұзайдындар мен сырғанақтар жасалып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек салтанатты шарада.

Шыршаның биіктігі – 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген, атап айтқанда 750 метр гирлянд, 360 жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары талқыланды

2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды...