Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

МӘМС: Алматыда стоматологиялық қызметтің қандай түрлерін тегін пайдалануға болады

Танымал

Ел аузында

№36 Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Венера Тохтахунова қала тұрғындарының қай санатына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында стоматологиялық қызмет және оның қандай түрлері көрсетілетіні туралы айтып берді.
Маманның айтуынша, МӘМС аясында жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілсе, шұғыл стоматологиялық көмекті: зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері мен осы санатқа теңестірілгендер, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгісімен марапатталған көпбалалы аналар, I, II, III топ мүгедектері, ерекше мұқтаждыққа ие балаларды күтетін және бала кезінен І топтағы мүгедектің күтімімен айналысатын жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар пайдалана алады.
«Жедел көмек пациенттің өміріне қауіп төндіретін созылмалы және жіті жағдайларда: пульпит; периодонтит кезінде; бет-жақ жарақаты, мысалы, тістің сынуы немесе шығып кетуі; құлақ ауруы салдарынан болатын бет пен жақтың асқынған аурулары; стоматит; жіті аурушаңдық кезінде; шұғыл араласуды қажет ететін кезде көрсетіледі», – дейді Венера Тохтахунова.
Айтуынша, пациент стоматологиялық көмекті медициналық ұйымды еркін таңдау арқылы пайдалана алады. Ол үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес. Қормен келісім жасаған жеке стоматологияны таңдауға немесе өз емханасының стоматологиялық кабинетіне жүгінсе болады.
«Бейінді саладағы дәрігерлердің көмегі, КТ/МРТ қызметі, рентген және диагностиканың басқа да түрлері емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша сақтандырылған азаматтарға көрсетіледі. Ол аурудың жағдайын, оның шағымдану себебін, анықталған симптомдарды зерделеп біледі. Сәйкес көрсеткіштер болған кезде дәрігер КТ, МРТ және басқа зерттеуден өту үшін жолдама береді», – дейді маман.
Егер емхана өз бетімен аталмыш қызмет түрін көрсете алмаса, онда пациентке қосымша келісімшарт арқылы басқа емханаға жолдама берілуі тиіс. Төлем жолдамаға сәйкес көрсетілген қызмет қорытындысы бойынша автоматты түрде жасалады.
Егер пациентте жіті жағдай болса және де ол күте алмаған жағдайда, оған көмек кешіктірілмей көрсетілуі тиіс.
Естеріңізге сала кетсек, консультациялық-диагностикалық қызметтерге қатысты туындаған сұрақтарды емхана жанындағы Пациенттерді қолдау қызметі арқылы шешуге болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...