Азамат Несіпбайұлы Есқараев әділет министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматыда дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Ол еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.
2000-2002 жылдары – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.
2003-2005 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.
2005-2006 жылдары – Алматы әкімдігінің бас инспекторы.
2006-2007 жылдары – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.
2007 жылы – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы әділет министрінің көмекшісі.
2008-2009 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
2009-2014 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.
2014-2019 жылдары – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы маусымнан бастап – ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.