Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Кеңсе меңгерушісі сот жүйесіндегі маңызды маман!

Танымал

Ел аузында

Сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілі болғандықтан, халық әрқашан әділдіктің туы жығылмауына күш салатын сот жүйесіне зор сенім артады. Ал халық сеніміне лайық болу жолында саладағы әрбір маманның өз орны бар. Осы орайда атап өтер жайт, халықтың сотқа деген құрметі мен сенімі тек  судья шығарған үкімге орай қалыптаспайды. Сонымен бірге тұтас сот жүйесіндегі халыққа қызмет көрсету сапасына, сот қызметкерлерінің халықпен қарым қатынасына да көп нәрсе байланысты.

Атап айтар болсақ, сот төрелігін атқаруда сот кеңсесінің алатын орны ерекше. Бәрі сот табалдыры¬ғын аттаған азаматтарды ілтипатпен қабылдап, ізетпен қызмет көрсетуден басталады.

Соңғы жылдары сот жүйесіне жаңа технологиялардың енгізілуі кеңсе жұ¬мысын адам танымастай өзгертті. Карантин кезінде де сот жүйесінің кеңсе қызметкерлері демалмастан қызмет етті. Өйткені сот жүйесіндегі құжат айналымы үздіксіз тоқтамайтындықтан коронавирус індеті кезінде карантин шектеулеріне қарамастан кеңсе қызметкерлері өз ісіне адалдық таныта білді. Қанша жерден карантин болғанымен ел ішіндегі кейбір даулар уақыт күтіп тұра алмайтын болғандықтан және халық сотқа үмітпен қарап отыратын болғандықтан сот жүйесінің кеңсе қызметкерлері жұмысын үзбестен атқаруы қажет болды. Еліміздің сот жүйесінде осы саланың беделін арттырып, қарапайым халықтың үдесінен шығу мақсатында қыруар жұмыстар атқарып, кеңсе мамандары тыным таппағанын тұтас қоғам байқады.

Кеңсе қызметкерлері қиын да күрделі саланың бел ортасында жүріп, азаматтардың сотқа жүгіну барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, соттағы әрбір маманға жеке көңіл бөліп, олардың әрқайсысы өз жұмыстарын мінсіз орындауын назарда ұстап, жұмысына бар зейінін салады. Себебі, кеңсе жұмысының ұтымды ұйымдастырылуы – әділ сот төрелігіне деген сенімнің айнасы екенін сот мамандары жете түсінеді.

Рас, қазір сала толығымен электронды форматқа көшкен. Бұрын сот отырысының хаттамалары қолмен жазылатын болса, қазір бәрі электронды толтырады. Дегенмен одан кеңсе қызметкерлерінің жұмысы жеңілдеп кетті дей алмаймыз. Сала заманауи талаптарға сай компьютермен және басқа да құралдармен жабдықталғанымен, жұмыс ырғағы ауысқан жоқ. Яғни кеңсе қызметкерлерінің сот отырысында өз міндеті бар. Рас, сот отырысы залдарының дыбыс-бейнежазба құрылғыларымен қамтамасыз етілуі сот хатшыларының жұмысын едәуір жеңілдетті, қағазбастылықтан арылтты. Судьяның таспаны тоқтатуға, редакция¬лауға мүмкіндігі жоқ. Бұл судьяларға қатысты негізсіз шағымдардың да жолын кесті. Таспаны кез келген уақытта алып, қайта көруге болатындықтан тараптардың құрылымға деген күмәні сейілді. Қазіргі кезде өзін-өзі толық ақтаған бейнеконференциялық байланыстың соңы онлайн сот отырысына ұласқанын көріп отырмыз. Заманауи технологиялар сот жүйесінің жұмысын жеңілдеткенімен, кеңсе қызметкерлерін қажетсіз ете алмайды. 

Анығын айтқанда, сот кеңсесін қайнап жатқан істің ордасы деуге болады. Сот кеңсесімен барлық істер, құжаттар тіркеліп, есебі қалыптастырылып және аяқталып, орындауға жолданған әрбір сот актісіне бақылау жасалып отырады. Тобықтай сөздің түйіні, сот кеңсесі жұмысын өз дәрежесінде ұтымды ұйымдастыра білу сотқа жүгінушілердің әділ сот төрелігіне деген сенімін қалыптастырады. Сондықтан саладағы кеңсе қызметкерлерінің сот жүйесінде өз орны бар!

Азат Нұрболұлы, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілер арасында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне...