Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Полицейлер танысының көлігін сатып жіберген алаяқты анықтады

Танымал

Ел аузында

Сайрам аудандық полиция басқармасына көрші ауданның тұрғынынан арыз келіп түсті. Ер адамның айтуынша, оған танысы көлігіңді 95 мың теңгеге бояп беретін танысым бар деп сендіріп, ақшасын алып, онымен қоймай көлігін сатып жібергенін жеткізді.
Тәртіп сақшылары бұл деректі бірден тіркеп, істің мән-жайын анықтауға кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Полиция басқармасына жеткізілген ер адам Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, алаяқ автокөлікті жөндеуге көмектесу сылтауымен досының ақшасы мен көлігін алып кеткен. Содан кейін әлеуметтік желідегі хабарландыру арқылы біреудің көлігін 300 мың теңгеге сатқан. Алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін бейтаныс адамдарғасеніп тапсырмауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...