Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Шетелдік көліктерді заңдастыру процесін қадағалау үшін Түркістан облысына ҚР ІІМ-нен өкіл келді

Танымал

Ел аузында

Бүгін Түркістан облысына ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев жұмыс сапарымен келіп, шетелдік көліктерді тіркеу мәселесі бойынша тексеру жүргізді.                 
Өздеріңізге белгілі күні кешеден бері, елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау науқаны басталған еді. Осыған орай полиция полковнигі Қ.Сұлтанбаев, киелі өңірге арнайы ат басын бұрып,  көліктерді тіркеу процесінің дайындығы мен алгоритмін бақылау үшін Түркістан қаласында орналасқан арнайы мамандандырылған ХҚКО барды. Сондай-ақ мамандандырылған ангарда Полиция департаменті қызметкерлерінің көлік құралдарын тексеруі мен халыққа қызмет көрсетуін бақылады.                                       Өз кезегінде министрліктен келген өкіл: «Шетелдік көліктерді заңдастыруға келген тұрғындарға барынша жағдай жасау қажет. Олардың кезекте тұрып қалмауына, уақтылы қызмет алуына жұмыс жасаңыздар!»-деп атап өтті.                   Ақпарат ретінде айта кетсек, бір реттік акцияның бірінші күнінде 500-ге жуық өтініш тіркелсе, бүгін, яғни екінші тәулігінде түскі уақытқа дейін тағы да 100-ге тарта өтініш қабылданып, жалпы 14 тұрғын қазақстандық нөмір алды.  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...