Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

3 тұрғынға «қайтарымсыз несие шығарып беремін деп» алдаған жігіт ұсталды

Танымал

Ел аузында

 Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында танысы 2022 жылдың сәуір айында кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендіргенін көрсетті. Содан алаяқтың сөзіне иланған жәбірленуші оған 360 000 теңге берген. 
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.  Осыған ұқсас арызбен полицияға тағы екі әйел арызданды. Олар қайтарымсыз несие аламыз деп ақшаларын алаяққа тапсырған. Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 миллион теңге.     
Орын алған алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.   
 Полиция қызметкерлері ұсталған жас жігіттің алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жібергенін анықтады.        Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Күдікті қамауда. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Halyk» қайырымдылық қоры «Қайырымдылық үшін» медалімен марапатталды

«Halyk» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырған дәстүрлі Қайырымдылық жасаушылар...