Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Көңілбай Шүкенов:»Бай мемлекетте кедей өмір сүруіміз мүмкін емес…»

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы кәсіпкер, меценат Көңілбай Шүкенов Qazaq.today порталына берген сұхбатында айтты.

«Мынадай бай мемлекетте, жер көлемі бойынша әлемдегі 9-шы орында тұрып, ата-бабамыздың қанымен, жанымен келген жерде 19-20 млн адам тіршілік ете алмай, кедейлердің көп болуы миға сыймайтын нәрсе. Кез келген жобаны бастап,  іске асыру үшін биліктегілер сырттан қарыз алуға құмар. Қарыз халқымыздың, кейінгі  ұрпағымыздың мойнында да мәңгі қалады. Неге біз үнемі біреуден қарызға ақша алуымыз керек, осындай байлықтың үстінде отырып. Біз керісінше берушілер қатарынан болуымыз керек қой. Осының бәрін қарасаң жүрегің ауырады. Бай мемлекетте кедей өмір сүруіміз мүмкін емес. Министрлікте жүргенде мұнай, алтын, ураннан, осми, рении, өзгеде байлықтан түсетін ақшаны мың рет есептедім» дей келіп одан әрі өзінің миссиясымен, немен айналысып жүргенімен бөліскен.

«Мен, иә кәсіпкермін, заңды түрде айналысып жатқан бизнестерім бар. Ауыл шаруашылығы да бар. Жиһаз жасап, құрылыс материалдарын шығарамыз. Қор арқылы көпбалалы отбасыларға тегін үй салып беруді мақсат тұттым. Одан бөлек жоғарыда айтқан жобалар бар. Көңілбай деген тығырықтан қалай шығамыз миы ашып жүрген,  стратегиялық даму жоспар, маркетингтік даму жоспар жасаумен айналысып жүрген  адам десеңіз болады» дейді өзі туралы.

Көп балалы жанұяларды баспаналы етуді мақсат еткен ол «Ел адамдары шынайы өмір сүріп жатқан жоқ. Біз қазіргі уақытта ақша тауып, банктерді байыту үшін өмір сүріп жатырмыз. Мен дүниеге ақша тауып, нәсие төлеу үшін келген жоқпын. Қазақтар дүниеге несие төлеу үшін келген сияқты. «Деньги сопутствующий атрибут достижение цели» деп айтар едім. Ол мақсатқа барар жолдағы құрал ғана. Басқа пайдасы жоқ. Біз ақшаны табу үшін, дүниедегі ең қымбат 8 сағат уақытымызды жібереміз. 8 сағат уақыт деген дүниедегі сіздің ең қымбат уақытыңыз. Таңертеңнен кешке дейінгі уақыт.  Сол уақытыңызды сіз ақша табуға жұмсадыңыз дейік. Айдың соңында айлық аласыз. Бірақ жалақыңыз үй мен көлік алуға жетпейді. Неге? Өйткені сізге жетпейтіндей қылып есептеп қойған. Сіз несиеге кіруіңіз керек. Банкке барып несиемен үй алғаннан кейін, жасыңыз 25-те болса, төлеп біткен кезде 50 жасқа келесіз. Сонда үйді төлеп біткен кезде, жалындаған жастық шағыңыз өтіп кетеді. Одан кейін айнаға қарасаңыз сіз мүлде басқа адамды көресіз. Біз бұл дүниеге несие төлеуге келдік пе? Өмір сүруге келдік пе?» дейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...