Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Оңтүстік астанадағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасында тұңғыш рет балаларға проктологиялық операциялар жасалды

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы балалар ауруханасы дәрігерлері тоқішек пен тікішектің туабітті немесе жүре-бара пайда болған ақауымен ауыратын балаларға ота жасауды қолға алды. Эндовидеохирургияның көмегімен жасалатын шағынинвазивті операциялар ақысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен өтелді, деп хабарлайды №2 ҚКБА баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, Гришпрунг дертінің немесе тоқішек ақауының зардабын тартқан балалар еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген.
Балалар хирургы, медицина ғылымдарының докторы Расулбек Аиповтың сөзіне сүйенсек, кішкентай пациенттер туғалы бері іші кеуіп, өз бетінше үлкен дәретке отыра алмай қиналып келген. Дәрет жүрмегеннен кейін бұған дейін олардың ішегіне бірнеше рет арнайы тесік (стома) жасалған. Рентгенологиялық, зертханалық-клиникалық кешенді тексерулерден кейін бүлдіршіндерді оперативті жолмен емдеу туралы шешім қабылданды.
«Тоқішек ауруымен ауыратын екі баланың іш қуысы мен тақымына лапароскопиялық ота жасалды. Гиршпрунг дертіне шалдыққан үшінші балаға лапароскопиялық көпдеңгейлі биопсия жасалды, ол тоқішектің зақымдану деңгейін анықтауға көмектеседі», – деді Расулбек Аипов.
Хирург Расулбек Аипов, хирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Қаптағаев, Азамат Қуанышов пен анестизиолог Айдос Сегізбаевтың біліктілігінің арқасында операциялар сәтті аяқталды. Балалардың ағзасы тез арада қалпына келіп, 5-7 күннен кейін ауруханадан шықты.
Мамандардың айтуынша, шағын инвазивті технологиялар операциядан кейінгі асқынудың алдын алып, денсаулықтың қалпына келу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дәрігерлер патологиялық өзгерістерді дөп тауып, көп мөлшерде қан кетуіне де жол бермейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «МӨЛДІР БҰЛАҚ»

В декаде «Мөлдір бұлақ» республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» принимают участие жители разных населенных пунктов области Жетісу. «Мөлдір бұлақ» –...