Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

29.7 C
Nur-Sultan
25.5 C
Almaty
31.9 C
Shymkent

Полицейлері «Тұрмыс» шарасы кезінде 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында 14-16 ақпан аралығында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатындағы жұмыстарды жандандыруға бағытталған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мүдделі органдармен бірлескен полицейлер, аулалар мен пәтерлерді аралауда. Қолайсыз отбасы мен профилактикалық есепте тұрған, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды тексеруде.

Нәтижесінде іс-шараның екі тәулігінде 428 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 2281 адам тексерілді. Оның ішінде 449-ына қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Ал 114 тұрғынға ерекше талаптар белгіленген және 225-і қолайсыз отбасы.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 155 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылды. Сот 32 адамға мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіледі. Оған қоса профилактикалық есепке алкоголь мен есірткі пайдаланатын 80 адам, тұрмысы нашар отбасылар қойылды.

Сондай-ақ «Тұрмыс» іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 150-ден астам дәрістер мен профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...