Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Полицейлер мас халде көлік басқарып, тұрғындардың мүлкіне зиян келтірген жүргізушіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысының үйіне барып тұрған сәтінде көлігінің алдыңғы бөлігін «ВАЗ 2107» соққанын хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер күдікті көлік жүргізушісі, жәбірленушінің жол жиегінде тұрған «Ауди 100» көлігін соға отырып, бөтен біреудің қоршауын бұзып, зақым келтіргенін анықтады. Сондай-ақ полицейлер «ВАЗ» автокөлігін басқарған жүргізушінің құжатын тексеру барысында, оның мас халде екенін білді. Тағайындалған зерттеу оның ішкенін, әрі есірткі тұтынғанын растады.

Тексеру кезінде тіпті күдікті ер адамның бұған дейін 2022 жылдың мамыр айында ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені үшін Астана қаласы сотының шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда жаза арқалағанына қарамастан, қайта мас халде көлік басқарған жүргізушіге ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Түркістан облысының полицейлері мас күйінде рульге отырмауға кеңес беріп, мұның соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Шахтадағы апат...