Полицейлер тұрғынның жоғалған 13 бас жылқысын тауып берді

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, Жемісті ауылына қарасты егістік алқапта жайылып жүрген 13 бас жылқылары белгісіз жағдайда жоқ болған. Жалпы тұрғынға келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеп, жылқыларды іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Одан ары мал егесімен бірге іздеуге шыққан полицейлер, 2 қызметтік көлікпен айналаны,тау-тасты, ой-қырды түгел шолып шықты. Осылайша 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар 20-25 шақырым қашықтықтағы егістік алқаптан табылды.

Ірі қара малдарының аман-есен табылғанына риза болған тұрғын, полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

Полицейлер жергілікті тұрғындарға төрт түлікті қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...