Қайтарымсыз субсидия әперуге уәде берген алаяқ ұсталды

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үш жергілікті тұрғын алаяқтық қылмысы жайлы арыз түсірді. Анықталғандай, алаяқ жәбірленушілердің біреуіне мемлекеттік бағдарлама бойынша оқуға, ал қалған екеуіне қайтарымсыз субсидия алуға көмектесуге уәде берген.
Сенімге кірген күдікті үш ауыл тұрғынынан 350 мың теңгеден астам ақша алып, соңында ізін суытқан. Алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстауға Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен криминалдық полиция қызметкерлері бағытталды.
Жедел уәкілдер іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны Астана қаласынан ұстады. Ол Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Казахстане запущена цифровая платформа для анализа рынков и инвестиционного моделирования

В Казахстане разработана цифровая аналитическая платформа компании EchelonAlpha, предназначенная для анализа отраслей экономики, прогнозирования и поддержки принятия инвестиционных и...