Созақтық полицейлер қоғамдық көмекшілерді марапаттап, аудан тазалығына жауаптыларға алғыс айтты

Танымал

Ел аузында

Созақ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы барша қазақстандықтарды «1 наурыз Алғыс айту» мерекесімен құттықтай отырып, ерекше шара ұйымдастырды. Яғни полицейлер мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, балалар мен жасөспірімдердің жол қауіпсіздігінің сақталуы жолында жұмысқа тартылған қоғамдық көмекшілерге ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ж.Нысанбаевтың арнайы «Алғыс хатын» табыстады.

Одан бөлек аудан тазалығының сақталуына үлес қосып жүрген «Созақ сәулет» мекемесінің қызметкерлеріне алғыс айтып, мерекемен құттықтады!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...