Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
28.3 C
Almaty
36.5 C
Shymkent

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада мастер-класс өтті

Танымал

Ел аузында

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада тамыр хирургиясы бөлімінде мастер-класс өттті. Мастер-класс жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, менеджмент кафедрасының професоры (доценті), ЖШС «Медитерра» институтының заманауи медицина орталығының лимфолог профиль жетекшісі, тамыр хирургы, флеболог дәрігер – Қоспанов Нұрсұлтан Айдарханұлы және тамыр хирургі, флеболог, лимфолог дәрігер – Төлеген Алимир Исаханұлы, PhD, ОАРИТ және операциялық бөлімшенің меңгерушісі, жоғары санатты анестезиолог және реаниматолог дәрігер – Кусаинов Адилет Шыңғысұлы қатысуымен өткізілді. Мастер-класс аясында науқасқа Лериш синдромы диагнозымен сәтті ота жасалып, науқастың аяғына ампутация жасаудан сақтап қалды. Лериш синдромы – бұл патологияның арасында ең көп кездесетін артериялық жүйе ауруы.

«Алдағы уақытта Жетісу өңіріндегі дәрігерлерге ғылыми-практикалық көмек көрсете отырып, әрі қарай жүйелі түрде жұмыс жасап, осы ангиохирургия қызметін жоғары дәрежеге көтеру» – деді Нұрсұлтан Айдарұлы.

Айта кетсек, мастер-кластың мақсаты хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы Жетісу өңірінің тұрғындарына жоғары сапалы медициналық көмек көрстеу болып табылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...