Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Біз халыққа не береміз деп бара жатырмыз

Танымал

Ел аузында

Respublica өкілдері сайлауалды тур аясында Атырау жұртымен бірнеше кездесу өткізді. Солардың бірінде партияның тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Руслан Берденов Respublica жетекшілігіндегі жас кәсіпкерлердің ешқандай материалдық дүниеге мұқтаж емес екенін алға тартты.

«Ата-бабаларымыз осы күнге дейін өздерін ұрпағының жолында құрбан етіп келді. Болашақ үшін тер төкті, еңбек етті. Солардың ізімен біз де, осындай партия құрып, елімізге қызмет етуге ниеттеніп отырмыз. Әйтпесе, тең төрағаларымыздың да күнкөрісі жаман емес. Өз табыстары, өз нәтижелері бар. Ешқандай материалдық дүниеге мұқтаж емес», – деді кандидат.

Кандидат өзінің осы уақытқа дейін еліміздегі проблемаларды жақсы білем деп ойлағанын жеткізді.
«Бірақ осы сапарымызда, 30 000 шақырым жол жүріп, 1 000000-ға жуық қазақстандықтармен кездесе отырып, мен елдегі проблемаларды басқа жағынан біле бастадым. Біздің басты ниетіміз – Мәжілісте өзіміз сияқты елдің қамын ойлап жүрген іскер адамдар көбейсей дейміз. Біз ол жаққа бірнәрсені алу үшін емес, не бере аламыз деп бара жатырмыз. Білекпен күресетін заман емес, жүрекпен, біліммен күресетін заман келді. Бөлісетін емес, бірігетін заман келді. Осыны естен шығармауымыз керек!», – Руслан Берденов.

Руслан Берденов
Respublica партиясының тең төрағасы,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Шахтадағы апат...