Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Түркістан облысында аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Танымал

Ел аузында

Естеріңізге сала кетсек, 24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзенінде жергілікті тұрғынның жоғалып кетіп, іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды.
Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті «дрон» пайдаланылып, оның көмегімен әуеден бақылау шаралары атқарылды. Іздеу 10 күннен астам уақытқа созылды. Үздіксіз және жан-жақты іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған адамның денесі бүгін, яғни 6-наурыз күні су бетінен табылып, жағаға шығарылды.
Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы «Адамның қайтыс болуы» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Шахтадағы апат...