Полицейлер жаяу жүргіншіден марихуана тапты

Танымал

Ел аузында

Созақ ауданының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аймақта күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізеді. Осындай кезекті тексеру кезінде учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Ж.Нағи көше бойында жүрісі күдік тудырған азаматты байқайды.
Содан созақтық полицей тексеру барысында, орта жастағы ер адамның күртешесінің қалтасынан ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты анықтады.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы, яғни «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Жаяу жүргіншіден тәркіленген зат сараптамаға жолданды. Ол 2 грамға жуық «марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ...