Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қызметіне адал – Айгерім

Танымал

Ел аузында

Полиция департаментінде қызметін мүлтіксіз атқарып жүрген шенді аруларымыз өте көп. Солардың бірі Екінші арнайы бөлімнің инспекторы полиция аға лейтенанты Айгерім Абдрахманқызы Оразбек . Оның ішкі істер саласында қызмет атқарып келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Алғашқы қызмет жолын 2005 жылы Мамандандырылған күзет басқармасынан бастаған. Абыройлы қызметі үшін Департамент басшылығынан түрлі алғыс хаттар алып, бүгінде жұмысын жүйелі орындауда.
-« Қолым қалт ете қалса, бос уақытымды отбасыма арнағанды жөн көремін. Қазіргі таңда 2 қыз 1 ұлдың анасымен. Отбасымызбен демалыс күндері театрға барып, спектакль тамашалағанды жақсы көреміз. Болашақ шенді аруларға айтарым әйел адам әрқашан өзін бағалап, кез келген қиындықты жеңе білуі керек. Сонда ғана діттеген мақсаттарыңызға оңай жетесіздер! »,- деп ақыл – кеңесін білдірді шенді ару.
Отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген Айгерім Абдрахманқызын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, қызметіне табыс тілейміз!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отставкадағы полковниктер жастарға жол көрсетті

ҚР Президенті Әкімшілігінің бастамасы, ІІМ-нің қолдауы аясында аға буын мен өскелең ұрпақ сабақтастығын нығайту бағытында шаралар үздіксіз атқарылуда. Соның...